Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Талғарлық жігіт масаң күйде өгей әкесіне пышақ ала жүгірген

Алматы облысында полицейлер өгей әкесін өлтірмек болған ер адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Белгілі болғандай, өгей әке мен өгей бала арасындағы түсініспеушілік бұған дейін де болған, ал бірге ішкен ішімдіктің соңы қайғылы оқиғаға әкеп соққан. Алматы облысы Талғар ауданының полицейлері адам өлтіруге оқталу дерегін “ізін суытпай” ашты. Іске қатысы бар деген күдікпен 29 жастағы жігіт ұсталды. Ол масаң күйде өгей әкесіне пышақ ала жүгірген.

– Өгей әке мен өгей ұлы арасындағы ішімдік ішу пышақпен дене жарақатын салу дерегімен аяқталды. Бұл қылмыстық әрекет Талғар ауданының Гүлдала ауылында 21 шілдеге қараған түні сағат 01.30-да орын алды. Полицияға жедел ақпаратты оқиға болған үйдегі айғай мен шуға алаңдаған көршілері хабарлаған, – деді Талғар аудандық Полиция басқармасының бастығы Ерлан Қасым.

Тергеу барысында сол түні үйдің ауласында ер адамдар ішімдік ішкен, соның салдарынан олардың арасында түсінбестік пен жанжал орын алған. Сөзге келіспеген туыстар нәтижесінде М. есімді ер адам қолына пышақ алып, алдымен қарсыласының мойын тұсына жарақат салған. Жарақат аз деп ойлап, ол содан кейін қаша жөнелген құрбанының арқасына тағы да бірнеше рет соққы жасап үлгерген. 

– 54 жастағы К. есімді ер адам дәрігерлер пышақ жарақатымен жақын маңдағы ауруханаға жатқызды. Ал, күдікті жедел бой тасалауға тырысқан. Алайда, оның жазадан жалтаруға тырысқан әрекеті сәтті болмады. Бір тәулік ішінде тәжірибелі із кесушілер күдіктіні тауып, ұстады. Қазір күдікті азамат қамаққа алынды, – деді Қасым.

Аталған қылмыс ҚР ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігіне сәйкес қылмысқа оқталу ретінде сараланды. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру