Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Танысының ақшасын ұрлаған әйел ұсталды

Ер адам өзінің танысымен спирттік ішімдік ішкеннен кейін ақшасынан айырылып қалған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Елордалық қонақ үйдің персоналы қонақ үйге келушіден ақша қаражатын ұрлау фактісі бойынша полицияға жүгінді.

Мән-жайды анықтау барысында жәбірленушінің өзінің танысымен уақыт өткізгені анықталды. Олар нөмірде спирттік ішімдік ішкен. Көп ішкені соншалық, ер адам ұйықтап қалған. Ер адамның мастығын пайдаланған әйел оның 76 мың теңге ақшасын ұрлап, кетіп қалған.

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында осы іске қатысы бар күдікті ұсталды. Ол белгілі бір тұрғылықты жері жоқ 45 жастағы әйел болып шықты.

Күдікті кінәсін мойындап, ұрланған ақша иесіне қайтарылды.

Осы факт бойынша ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру