Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Танысының атына 2,9 млн теңге несие рәсімдеген шығысқазақстандық ұсталды

Танысының атына 2,9 млн теңге несие рәсімдеген шығысқазақстандық ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сәуір айының басында Риддер қалалық ПБ кезекші бөліміне 23 жастағы жергілікті тұрғын жүгініп, өткен жылдың наурыз айынан бастап 2022 жылдың ақпанына дейінгі уақыт кезеңінде алыс танысы алдап, оның атына әртүрлі банктерден жалпы сомасы 2,9 млн теңгеге жуық ақшалай несие ресімдегенін айтқан.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтап, 22 жастағы қала тұрғынын ұстады.

Тергеу барысында күдікті жәбірленушіден ақшалай несие ресімдеп беруді өтініп, соңғысы оған келіскені анықтады. Бірнеше рет несие бойынша төлемді жасап, кейін байланысқа шығуды қойғаны анықталды.

Қаскөйге қатысты ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы таңдалды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы баптың санкциясы 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру