Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Аялдамада тұрған адамның телефонын алып қашқан ару ұсталды

Шымкентте аялдамада тұрған адамның телефонын алып қашқан ару ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Абай ауданы Полиция басқармасына Түркістан облысының тұрғыны өзіне қатысты жасалған алаяқтық фактісі туралы арызданды. Ер азаматтың айтуынша, қаладағы аялдамалардың бірінде таныс қызы 80 мың теңге тұратын ұялы телефонын қоңырау шалуға сұрап алып, белгісіз бағытта кетіп қалған. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабының 1-бөлігімен (Алаяқтық) қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Осы іс бойынша күдікті 32 жастағы азаматша анықталып, полицияға жеткізілді. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру