Танысының үйіне екі рет ұрлыққа түскен қызылордалық Жамбыл облысынан ұсталды
Танысының үйіне екі рет ұрлыққа түскен қызылордалық Жамбыл облысынан ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда қалалық Полиция басқармасының Тасбөгет полиция бөлімінің жедел уәкілдері пәтер ұрлығына қатысы бар деген күдікпен 33 жастағы қала тұрғынын Жамбыл облысына қарасты ауылдардың бірінен қолға түсірді.
16 қазан күні түнгі уақыт 00:30 шамасында арызданушымен күдікті екеуі ішімдік ішіп, ол үстел үстінде тұрған «Samsung J4» ұялы телефонын және күртешесін ұрлап кеткен.
26 қазан күні түнгі сағат 02:30 шамасында сол танысының үйіне барып, есіктің ашық тұрғанын пайдаланып, үстел үстінде тұрған ұялы телефонды ұрлап кеткен.
Қызылорда қаласы Полиция басқармасының Тасбөгет полиция бөлімінің қызметкерлері бұл мақсатта жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде, полицейлер 21 қараша күні түнгі уақытта күдіктіні ауылдық жерден ұстап, уақытша ұстау абақтысына қамауға алды.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігінің 3-тармағы (Ұрлық, тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен жасалған ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдіктінің өзге де қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.