Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тараз тұрғыны полицейлерге алғысын білдірді

Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы Жанат Сүлейменовтің атына жазған хатында Тараз қаласының тұрғыны К.Әуесбек полиция қызметкерлеріне интернет желісіндегі алаяқты қолға түсіргені үшін алғысын білдірген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“WhatsApp” мессенджері арқылы әйелге Англиядан интернет-пакеттің келгені туралы хабарлама келді. Компания қызметкерінің өтініші бойынша тасымалдау қызметі үшін ол “KaspiGold” картасына 205 мың теңге жіберген. 15 минут өткеннен кейін Қ.Әуесбектің ұялы телефонына қайта хабарласып, оған пакетте заңсыз заттар бар екенін және тағы 1500 АҚШ долларын салу керек екенін ескертеді.

Сол кезде ғана әйел интернет желісіндегі алаяқтың құрбаны болғанын біліп, Тараз қаласының Полиция басқармасына белгісіз адамның ақшаны иемденіп кеткені туралы арызданған.

Екі сағат ішінде полиция қызметкерлері алаяқты ұстады, “KaspiGold” картасына жіберілген ақша жәбірленушіге қайтарылды. К.Әуесбек Тараз қаласының ПБ тергеу бөлімінің тергеушісі А.Хамытбековке және оның басшыларына тапсырылған іске қатысты кәсіби біліктілік пен жауапкершілік танытқаны үшін шын жүректен алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру