Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Таразда 400-ден астам оқушы есірткіге қарсы айлықты қолдады

Таразда 400-ден астам оқушы есірткіге қарсы айлықты қолдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысында нашақорлыққа қарсы күрес айлығы барлық аудандарда мемлекеттік және үкіметтік емес құрылымдардың қатысуымен кең ауқымды профилактикалық іс-шаралардан басталды. Олар, ең алдымен, балаларға, жасөспірімдерге және жастарға бағытталған.

Назарбаев зияткерлік мектебінде өткен кездесуде полицейлер оқушылармен тыйым салынған заттарды қолданудың алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау, өзіне саналы және жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру, салауатты өмір салтын ұстану тақырыбында әңгімелесті.

Кездесуді облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Нұржан Рахметуллаев ашып, жүргізді. Сондай-ақ Тараз қаласы әкімдігінің “Жастар ресурстық орталығы” КММ директоры Абзал Есіркепов сөз сөйледі. 400-ден астам НЗМ оқушылары “Есірткіге жол жоқ!” челленджін қолдады.

Кездесу барысында есірткі мен психотроптық заттарды қолданудың зияны туралы бейнероликтер көрсетілді. ПД Кинологиялық қызметінің мамандары қызметтік-іздестіру иттерімен бірге есірткіні іздеу және анықтау дағдыларын көрсетті. Оқушылар спикерлерге белсенді түрде сұрақтарын қойып жатты.

– “Дәстүрлі есірткі” деп аталатын заттар, психоактивті, улы заттар, алкоголь, темекі – олардың барлығы мидың жұмысына әсер етеді. Біз жас кезінен бастап салауатты әдеттерді қалыптастырудың маңыздылығын жас ұрпаққа жеткізгіміз келеді және ата-аналарды балаларына үлгі болуға шақырамыз. Есірткіге тәуелді адамның ешқандай болашағы жоқ. Бұл ой барлық кездесулерде санадан кетпейді. Сонымен қатар жасөспірімдер арасында құқықтық сауаттылықты қалыптастыруға басымдық беріледі, – деді Нұржан Рахметуллаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру