Таразда алаяқ ұрланған велосипедті сатпақ болды
Таразда алаяқ ұрланған велосипедті сатпақ болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылдың 14 маусымында Тараз қаласының Полиция басқармасына 74 жастағы тұрғын жүгінді. Қала дүкендерінің бірінің жанында белгісіз адам оның «Урал» велосипедін уақытша мінуге рұқсат сұрап, соңында белгісіз бағытқа кетіп қалған.
Полиция қызметкерлері оқиғаның ізін суытпай күдікті ретінде 34 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Оңай пайда тапқысы келген күдікті ұрланған велосипедті шұғыл түрде сатуға әрекет жасаған.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Ұсталған адам ісін мойындап, велосипед иесіне қайтарылды.