Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Таразда өзгенің мойнынан алтын алқасын жұлып алып кеткен азамат қолға түсті

Таразда өзгенің мойнынан алтын алқасын жұлып алып кеткен азамат қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тараз қаласы ПБ жедел басқару орталығына сағат кешкі 18:15 шамасында 32 жастағы қала тұрғыны орталық көшелердің бірінде белгісіз тұлғаның мойнынан алтын бұйымын жұлып алып кеткендігі туралы хабарлаған.

Жедел түрде қала көшелерінде орналасқан бейнебақылау камераларын қарай отырып, патрульдік полиция батальоны қызметкерлерімен “ізін суытпай” 42 жастағы қала тұрғыны ұсталды.

Алтын алқа тәркіленіп алынды. Күдікті өз кінәсін мойындады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 191-бабы бойынша (Тонау) тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру