Таразда полицейлер 50 адамға арналған тойды тоқтатты
Таразда полицейлер 50 адамға арналған тойды тоқтатты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Кезекті рейдтік іс-шаралар барысында Тараз қаласы полиция басқармасының қызметкерлері және төрт мобильді топ «Grand Royal» мейрамханасында 50 адамға арналған отбасылық салтанатты кештің өткізілу дерегін анықтады.
Тойды ұйымдастырушыға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабы (Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу) бойынша материал жиналып, бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін санитарлық-эпидемиологиялық қызмет қадағалау орнына жіберілді.