Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте “Сергек” бейнекамерасымен 22 мыңнан астам құқық бұзушылық тіркелді

Шымкентте алты айда “Сергек” бейнекамерасымен 22 мыңнан астам құқық бұзушылық тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Сергек” бейнекамераларына автокөлік жүргізушілерімен жылдамдықты асырған фактісі тіркеледі.

Жол қозғалысы ережелерін бұзудың 2021 жылдың алты айлық көрсеткіші бойынша, “Сергек” аппараттық-бағдарламалық кешені арқылы 22 708 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген.

“Сергек” жүйесі арқылы әкімшілік айыппұлдарды тіркеуден бөлек, қылмысқа және басқада құқық бұзушылықтарға қатысы бар автокөліктерді қала аумағындағы қатынасын анықтауға мүмкіндігі бар.

Шымкент қаласының көшелерінде орнатылған зияткерлік көше қиылысы “Интегра” бейнебақылау камералары 21 жерде (көше қиылысында 212 камера ) орнатылған. Төтенше жағдайларға ұшырататын, оның ішінде кісі өліміне әкеліп соқтыратын фактілері және жылдамдықты асыру жағдайларымен ұштасатын жол ережелерін бұзу фактілерін болдырмау мақсатында Шымкент қаласының көшелерінде “Сергек” аппараттық-бағдарламалық кешені жалпы 14 жерде (көше бойында жылдамдықты өлшеу 56 камера) орналасқан.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру