Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Таразда түзеу мекемесі маңынан тыйым салынған заттар табылды

Таразда түзеу мекемесі маңынан тыйым салынған заттар табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Таразда өңірлік ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/4 мекеме қызметкерлері жоспардан тыс жүргізген тінту жұмыстары нәтижесінде сотталғандарға пайдалануға тыйым салынған заттар табылды. Атап айтқанда, 2 ұялы телефон, 6 қуаттағыш және 15 USB құрылғысы табылды.

Қазіргі таңда орын алған оқиғаға байланысты қызметтік тексеріс жүргізілуде.

Айта кетейік, тыйым салынған заттардың басым көпшілігі сотталғандардың туған-туыстарының “көмегімен” ішке енеді. Яғни, тыйым салынған заттарды жақындарына “жақсылық” жасауды көздейтін жазасын өтеушілердің туыстары мекеменің сыртқы қоршауынан лақтыру фактілері азаймай тұр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру