Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда ұры моншадан алтын алқаны үптеп кетті

Қарағандыда ұры моншадан алтын алқаны үптеп кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

20 қыркүйекте Қарағанды қаласының ПБ Оңтүстік-Шығыс полиция бөліміне 57 жастағы қала тұрғыны арызданған. Жәбірленушінің айтуынша, монша кешенінің сақтау камерасынан белгісіз біреу кулоны бар алтын алқаны ұрлап кеткен. Келтірілген шығын көлемі 900 мың теңгені құрады.

Мән-жайды анықтай келе, ұрының сақтау камерасын кілтпен ашқаны белгілі болды. ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

11 қарашада жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті – 38 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол қылмысын мойындады. Айғақты зат тәркіленді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру