Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте бір күнде 3 мал ұрлығы ашылды

Шымкентте бір күнде 3 мал ұрлығы ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚР ІІМ-нің нұсқауына сәйкес, 2021 жылдың 15-24 қараша аралығында Шымкент қаласы аумағында мал ұрлығының алдын алу мен ашуға бағытталған “Мал ұрысы” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Жедел-профилактикалық іс-шараның бірінші күнінде жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бұрын тіркелген 3 мал ұрлығы ашылды.

Сондай-ақ, патрульдік полиция полкінің қызметкерлері мал тасымалдайтын автокөліктерді анықтап, профилактикалық жұмыстар жүргізуде. Аудандық Полиция басқармаларымен мал сататын орындарды, ет өнімдерін алып сататын базарларда, дүкендерде, қасапшылар арасында тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру