Таразда үздік 4 ҚАЖ қызметкерінің ата-аналарына алғыс хат табыс етілді
Тәуелсіздік күніне орай Таразда үздік 4 ҚАЖ қызметкерінің ата-аналарына алғыс хат табыс етілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Таразда ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өңірлік ҚАЖ департаментінде қызметінде биік көрсеткіштерге қол жеткізген қызметкерлердің ата-аналарын марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты іс-шараға қатысқан ЖД-158/2 мекемесінің бастығы Ерлан Оразгельдиев жеке құрамды атаулы мерекемен құттықтап, еңбектеріне табыс, отбасыларына амандық пен береке-бірлік тіледі.
– Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, халықтың құқығы мен бостандығын қорғау жолында ерекше көзге түсіп, үздік нәтижелерге қол жеткізген қызметкерлердің ата-аналары қашанда құрметке ие. Сіздер ұл-қыздарыңызды Тәуелсіз елдің ертеңін ойлайтын азамат ретінде тәрбиеледіңіздер. Сол себепті де сіздерге алғысым шексіз, – деді Е.Оразгельдиев.
Айта кету керек, бұл күні сондай-ақ дәл осы мекеменің бір қызметкеріне “Қылмыстық-атқару жүйесі үздігі” медалі табыс етілсе, бес қызметкер арнайы грамотаға ие болды.