Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Таразда жол ережесін бұзған кортеж қатысушылары жауапқа тартылды

Таразда жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған автокортеж қатысушылары жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тараз қаласында полиция қызметкерлері бейнебақылау жүйесі арқылы тіркелген жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу деректерін дереу тоқтатты. Жамбыл даңғылында қалыңдықты күйеу жігіттің үйіне алып бара жатқан автокөліктер кортежі өзгелердің өміріне қауіп төндіретін бұзушылықтар жасағаны анықталды.

Полиция қызметкерлерімен тез арада Toyota, BMW, Mitsubishi, Volkswagen, Audi және Lada автокөліктерінің 9 жүргізушісі анықталып, жауапкершілікке тартылды.

Аталған құқық бұзушылықтар қатарында апаттық жағдай туындату, жолаушыларды тасымалдау қағидаларын сақтамау, қиылыстардан өту ережелерін бұзу, сондай-ақ маневр жасау талаптарын бұзу және өзге де заң бұзушылықтар болған.

Бейнебақылау жүйелерін пайдалану осындай өрескел әрекеттерді дер кезінде анықтауға және ықтимал жол-көлік оқиғаларының алдын алуға мүмкіндік беруде.

Жамбыл облысы полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және жолдағы қауіпсіздік әрбір қатысушының жауапкершілігі екенін ұмытпауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру