Тараздағы түзеу мекемесінде жазасын өтеушілердің арасында сурет байқауы өтті
Тараздағы түзеу мекемесінде жазасын өтеушілердің арасында сурет салудан байқау өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тараздағы ерекше режимдегі ЖД-158/7 мекемесіндегі жазасын өтеп жатқан сотталғандар арасында 8 наурыз мерекесіне орай сурет салудан байқау өтті.
Байқау барысында өз өнерлерін ортаға салып, өздерінің жүрек қалауымен түрлі бейнелерді, аналарына деген ыстық сағыныштарын қағаз бетіне түсірді. Олардың қылқаламынан туған әр дүниеге қарасаң, көз тоймайды. Жазасын өтеушілер аналарына арнап сурет салып, өлең шумақтарын шығарып, оларды хат арқылы жолдап құттықтады.
Байқауға қатысқан жазасын өтеушілерге алғыс хаттар тарту етілді.
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – сотталғандар арасында отбасылық байланысты нығайту, олардың түзелу процесінде ықпал етуге бағытталған тәрбиелік жұмысты жандандыру.