Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тараздағы түзеу мекемесінен бір азамат босатылды

Тараздағы түзеу мекемесінен бір азамат босатылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Таразда жаза мерзімінің аяқталуына байланысты “Қақпа алдындағы кездесу” әлеуметтік жобасы аясында №26 түзеу мекемесінен еркіндікке жолдама алған алматылық азаматты шығарып салу шарасы өтті.

Шараға жергілікті полиция қызметкері Қ.Әлішер, Жамбыл ауданы пробация қызметкері Ә.Құдайбергенұлы, Тараз қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің маманы И.Досболова және Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту бөлімінің жетекші маманы М.Әмреев арнайы шақырылды.

Шара аясында жаза мерзімінің аяқталуына байланысты сотталғанның денсаулық жағдайы, білім деңгейі, жұмыспен қамтылуын, тұрғылықты жерінің болуы, сондай-ақ оған көрсетілетін әлеуметтік-құқықтық көмектің көлемін анықтау үшін қажетті мәліметтер, жеке тұлғасын зерттеу жұмыстары жүргізілді. Босатылушы сотталған М. есімді азаматқа босатылғаннан кейінгі тұрмыстық және жұмысқа орналасуы жөнінде құқықтары мен міндеттері, босатылғаннан кейінгі жұмысқа орналасуы үшін керекті құжаттар тізімі, жұмыспен қамту бөлімінің мекенжайы көрсетілген жадынама берілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру