Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тараздық полицейлер автобустағы ұрлық дерегін ашты

Тараздық полицейлер автобустағы ұрлық дерегін ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 15 маусымында полиция қызметкерлері Тараз қаласының 24 жастағы тұрғынын автобуста ұрлық жасады деген күдікпен ұстады.Тергеу алды тексеру барысында ұрлық күндізгі уақытта қаладағы моншалардың бірінің жанында тұрған автобустан жасалғаны анықталды. Алдын ала мәліметтер бойынша, ұры “Samsung” маркалы ұялы телефонды иемденгені анықталды.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Ұсталған адам кінәсін мойындап, ұрланған смартфон тәркіленіп, иесіне қайтарылды.

Жамбыл облысының Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы Ардақ Мадимаров азаматтарға көліктерін күзетілетін арнайы тұрақтарға, гараж бокстарына немесе күзетілетін объектілерде қалдыру қажеттігін ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру