Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тараздық полицейлер телефон ұрысын анықтады

Тараздық полицейлер телефон ұрысын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 29 мамырында Тараз қаласының Полиция басқармасына 41 жастағы тараздық белгісіз адам оның құны 200 мың теңге көлемінде тұратын ОРРО А-91 маркалы ұялы телефонын жасырын ұрлап кеткені туралы шағымданды.

Сол күні іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері Тараз қаласының 35 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады.

Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру