Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тәртіп сақшылары ардагерді мерейтойымен құттықтады

Қызылордалық полицейлер ішкі істер органдарының ардагерін мерейтойымен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің басшылығы мен Ардагерлер кеңесі 70 жасқа толған ішкі істер органдарының ардагері Кеңесхан Егенбаевты мерейтойымен құттықтады. 

Кеңесхан Пірназарұлы ішкі істер органдарында 23 жыл адал қызмет атқарып, 1994 жылы зейнеткерлікке шыққан.

Ол қызмет өткерген жылдары өңірдегі қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау ісіне елеулі үлес қосты. Өз қызметіне адалдық танытып, парасатты ізбасарларын тәрбиеледі.

Тәртіп сақшылары торқалы той иесін шын жүректен құттықтап, зор денсаулық, отбасына амандық тіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру

Электрондық почтаңыз жария етілмейді.