Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тәртіп сақшылары мереке қарсаңында балаларға сыйлық жасады

Түркістан ҚПБ Көші-қон қызметметкерлері көпбалалы, аз қамтылған отбасының балаларына мерекелік базарлық жасап, сый-сыяпат тарту етті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ойыншықтар үлестіріп, азық-түлік таратты. Жүздеріне күлкі үйірілген балалар, мерекелік көңіл-күй сыйлаған полицейлерге алғыстарын жеткізді. Ал, ата-аналары мереке қарсаңында елеп-ескеріп, көмек қолын созған тәртіп сақшыларына ризашылықтарын білдірді.

Түркістан облысының полицейлері үнемі кішкентай балалар мен аналарға жақсылық жасап, жәрдемші болуға ықпал етіп келеді.

Қолдарынан келгенше, қиын да қауіпті жұмыстарынан бөлек уақыт тауып, жанұяларға арнайы барып, көмек қолдарын созуда. Бұлбағытта жұмыстар алдағы күндері де жасала бермек.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру