Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тәртіп сақшылары жалғызбасты зейнеткерге көмек көрсетті

Түркістан облысының полицейлері жалғызбасты, мүмкіндігі шектеулі азаматтың үйіне көмір түсіріп, көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысының полиция қызметкерлері қолдан келгенше аз қамтылған және көп балалы отбасыларға, жалғызбасты зейнеткерлерге, мүмкіндігі шектеулі жандарға және бұдан басқа да мұқтаж жандарға көмектесуді жалғастыруда. Осыған сәйкес  Арыс АПБ-нің полицейлері жергілікті тұрғын,  мүмкіндігі шектеулі 15 жыл бұрын жол апатына түсіп екі аяғынан айырылған  Жұмағали Исмайловтың үйіне арнайы барып қайтты.

Аталған зейнеткердің әлеуметтік-тұрмыстық мәселелеріне қанық полицейлер, оған  материалдық көмек көрсетуге шешім қабылдайды. Сонымен қатар көмек көрсету бастамасын полицейлер бірауыздан қолдап, қажетті қаражат жиналады. Осылайша, полиция бөлімінің қызметкерлері егде жастағы зейнеткерге қыс мезгілі жақындап қалған соң, отын-суын дайындап көмір сатып алып, түсіріп берді.

Өз кезегінде Жұмағали Исмайлов тәртіп сақшыларына үлкен алғыс білдіріп, шынайы ризашылығын  жеткізді.

Арыс  АПБ-нің басшылығы атап өткендей, мұндай бастамалар жеке құрамға өз қызметіне үлгі боларлықтай және жас полицейлерді адамгершілік рухында адамдарға көмектесуге деген ниетпен тәрбиелеуде берері мол болмақ.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру