Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тәртіп сақшысының көлік жүргізушісіне көмек көрсеткен бейнежазбасы әлеуметтік желіде таралды

Шымкент қаласы Полиция департаментінің ресми парақшасына тәртіп сақшысының көлік жүргізушісіне көмек көрсеткен бейнежазбасы келіп түсті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Республика және А.Асқаров көшелерінің қиылысында жолды реттеп тұрған полиция қызметкері жолдың ортасындағы бұзылып тұрған автокөлік жүргізушісіне көмегін көрсетіп, жол жиегіне шығуына жәрдем берді.

- Соңғы кезде осы сынды полиция қызметкерлерінің ерекше әрекеттеріне куә болып жүрмін. Сіздерге алғыс, - деді хабарлама жолдаған автор.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру