Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тәртіптің сақшысы – Нұрболат

26 мамыр – Қазақстан полициясы күні қарсаңында Polisia.kz редакциясы Отанына адал қызмет етіп, ел қорғаны болып жүрген полицейлер туралы жарияламақ.

Нұрболат Сұлтанов полиция кіші лейтенанты Ақтоғай ауданының Коминтерн ауылында дүниеге келді. Мектеп бітіргеннен кейін 2011 жылы Екібастұз Инновациялық Еуразиялық колледжіне оқуға түсіп 2014 жылы бітіріп «заңгер» мамандығын алып шықты. Сол жылы Қарағанды 6505 әскери бөлімінде әскери борышын өтеді. 2015 жылы Ақтоғай ауданының Өрт сөндіру бөліміне жұмысқа тұрды. Ал 2019 жылдың тамыз айынан бастап полиция бөліміне учаскелік полиция инспекторының көмекшісі болып жұмысқа қабылданады. Осылайша оның Ақтоғай ауданында учаскелік инспектордың көмекшісі жұмысы басталған болатын. Осы аз уақыттың ішінде ол беделге ие болып, тұрғындардың құрметіне бөленді. Қоғамдық өмірде де Нұрболат Исаұлы игі істерден тыс қалмайды, әртүрлі іс- шараларға қатысады. Әсіресе ол салауатты өмір салтына көп назар аударады, бірде-бір спорттық шара онсыз өтпейді.

Учаскелік полиция инспекторының тікелей міндеттері жеткілікті. Соның ішінде кәмелетке толмағандармен, есепте тұрғандармен, тұрмысы нашар отбасылармен, алкогольге тәуелді адамдармен, отбасында жанжал шығаратындармен жұмыстарын атап тоқталуға болады. Биыл бес айы ішінде Нұрболатпен 140 әкімшілік хаттама толтырылды. Оның ішінде 17-і құқықбұзушылық отбасылық тұрмыстық қатынастар саласына қатысты болып олар аудандық сотқа жолданып 3 тен 5 тәулікке дейін немесе отбасылық жанжалдарға қатысты ерекше талап қойылғандығы туралы аудандық соттың қаулысы шығарылды. Қалған әкімшілік хаттамалар нөлдік төзімділікке қатысты: оның ішінде қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктер ішу, қоғамдық орындардың ластануы, тыныштықты бұзу, қоғамдық орындарда қол жайып қайыр сұраулар секілді ұсақ құқықбұзушылықтар.

Ол жасөспірімдерге кеңесін беріп, көмегін көрсетуден қашқан емес. Мектеппен бірлесе отырып оқушылардың тұрған жерінде рейдтік шаралар өткізеді. Учаскелік инспектордың бос уақыты соншама көп емес, дегенмен, ондай уақыт бола қалғанда Нұрболат Исаұлы оны отбасымен өткізгенді жақсы көреді. Жұбайы Альмира екеуі Мерей атты қыз бала тәрбиелеп, өсіріп отыр. Біздің бөлімімізде осындай өз ісіне берілген тамаша адамдар жұмыс істейді.

Қазақстан полициясы күні мерекесі қарсаңында оның жұмысына оң жетістіктер, отбасына аман есендік тілейміз!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру