Тауып алған телефоннан 130 мың теңге аударып алып, сатып жіберген астаналық анықталды
Тауып алған телефоннан 130 мың теңге аударып алып, сатып жіберген астаналық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Елорда тұрғыны көшеде, жоғалған ұялы телефонды тауып алып, бұғаттау паролінің жоқтығын пайдаланып, банктік қосымшаның көмегімен біреудің шотынан сатып алуға 130 мың теңге аударған.
Телефон иесі банктік картасын заңсыз қолдануды және үлкен ақшаның жоғалуын анықтап, полицияға жүгінген.
Күдікті ақшаны жұмсаған соң, ұялы телефонды 9 мың теңгеге сатып жіберген.
Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Алматы ауданы ПБ қызметкерлері 36 жастағы ер адамды анықтады.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ер адам мойындау көрсетпелерін берді, оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеру жүргізіліп жатыр.
Астана қаласының полиция департаменті қырағы болуға, бағалы заттарды қараусыз қалдырмауға кеңес береді.