Темір тордың ар жағындағы тартысты дода
Атырау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №79 мекемеде жазасын өтеуші әйелдер арасында спартакиадалық жарыс ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ҚАЖ қызметкерлерінің мәліметінше, спорттық іс-шара сотталғандардың белсенділігін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және бос уақытты тиімді ұйымдастыру мақсатында өткізілді.
Спартакиада аясында қатысушылар спорттың бірнеше түрінен бақ сынады. Жарысқа жазасын өтеп жатқан әйелдер қатысып, өзара сайысқа түсті.
ҚАЖ жүйесінде сотталғандарды қайта әлеуметтендіру және қоғамға бейімдеу бағытында түрлі спорттық және мәдени шаралар тұрақты түрде өткізіліп келеді. Мұндай іс-шаралар тәртіпті нығайтуға, ұжымдық қарым-қатынасты дамытуға және сотталғандардың әлеуметтік белсенділігін арттыруға ықпал етеді.
Спартакиада қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар мен белсенділік танытқан спортшылар марапатталады.
Мекеме өкілдерінің айтуынша, алдағы уақытта да сотталғандар арасында дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған іс-шаралар жалғасады.
