Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында оқушыларға қауіпті заттарды пайдаланудың жауапкершілігі ескертілді

Павлодар облысының оқушыларына тыйым салынған қару мен заң талаптары түсіндірілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақсу қаласының ювеналды полиция инспекторлары жазғы лагерьде демалып жатқан оқушылармен профилактикалық кездесу өткізді. Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын қарапайым әрі түсінікті тілде жеткізу және каникул кезінде орын алуы мүмкін келеңсіз жағдайлардың алдын алу.

Кездесудің негізгі тақырыбы тыйым салынған қару-жарақ пен өзге де қауіпті заттарды алып жүрудің, сақтаудың және пайдаланудың құқықтық салдарына арналды. Инспекторлар нақты мысалдар келтіре отырып, достарына әсер қалдыру немесе ерекше суретке түсу мақсатында жасалған әрекеттердің әкімшілік, тіпті қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін екенін түсіндірді.

Сонымен қатар оқушыларға қоғамдық орындардағы қауіпсіздік ережелері еске салынды. Құқық қорғау органдарының өкілдері айналадағы адамдарға құрметпен қарау – жеке қауіпсіздіктің маңызды кепілі екенін атап өтті.

Кездесу соңында оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, инспекторлардан нақты әрі жан-жақты жауап алды.

- Мұндай кездесулерді біз тұрақты түрде өткізіп келеміз. Басты мақсатымыз – балаларды қорқыту емес, олардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру. Жасөспірімдер заңмен белгіленген шектеулерді нақты түсініп, өз әрекеттері үшін жауапкершілік ала білуі керек. Сондай-ақ олар өз қауіпсіздігі мен айналасындағы адамдардың қауіпсіздігінің маңызын терең сезінуі тиіс, – деді Ақсу қаласының ювеналды полиция инспекторы Лаура Құрманғалиева.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру