Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Теміртауда дүкен сатушысына шабуыл жасаған күдікті ұсталды

Теміртауда дүкен сатушысына шабуыл жасаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Теміртау қалалық полиция басқармасына қарасты Шығыс полиция бөліміне қарасты дүкендердің бірінің сатушысына шабуыл жасалғандығы туралы хабарлама түсті. Оқиға орынына бірден жедел-тергеу тобы жіберілді.

60 жастағы сатушы тәртіп сақшыларына сағат 13:00 шамасында дүкенге белгісіз біреу кіріп, кенеттен қалтасынан пышақ алып шығып, азық-түлікпен ішімдік заттарын талап еткенін айтты. Кейін ол қолына іліккен заттарды алып, оқиға орынынан ізін жасырған.

Сатушы полиция қызметкерлеріне күдіктінің 35-40 шамасында екенін айтты.

Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 36 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін берді, айғақ заттар тәркіленді.

Қарақшылық шабуыл дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру