Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда синтетикалық есірткі сатқан күдікті ұсталды

Қарағандыда синтетикалық есірткі сатқан күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды облысының аумағында “Дәрмек” жедел алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр. Аталған шара барысында полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының және патрульдік полиция қызметкерлерінің бірлескен жұмыстарының нәтижесінде, аса ірі мөлшерде синтетикалық есірткі заттарын сақтау және сату күдігімен 20 жастағы ер адам ұсталды. Оқиға орнында жүргізілген тергеу әрекеттері барысында ұсталған азаматқа тиесілі қол сөмке ішінен ұнтақ тәрізді үш пакетке салынған заттар тәркіленді.

Тәркіленген заттарға жүргізілген сараптама қорытындысына сәйкес, оның жалпы салмағы 1,5 келі “мефедрон” синтетикалық есірткі заты екені белгілі болды. Күдіктінің тәркіленген заттарды Астана қаласынан сатуға әкелгені анықталды.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктіге қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасы қабылданды. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ Қарағандыда жарамдылық мерзімі өтіп кеткен прекурсорлардың айналымы фактісі анықталды. 25 келі ацетон, 15 келі толуолдың қолдануына шектеу қойылды. Кінәлі лицензиялау нормаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру