Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда биыл 4 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық дерегі тіркелді

“Қорғау – қауіпті жүргізуші” ақпараттық жүйесі арқылы жыл басынан бері 4 мыңнан астам дерек анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

 Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша жол қозғалысын автоматты кадағалаудың тиімділігін арттыру бойынша “Қорғау – қауіпті жүргізуші” мобильді қосымша енгізілді. Онда “Сергек” жүйесі камераларының, ІІМ жедел басқару орталықтарының және мобильді қосымшалардың мүмкіндіктері біріктірілген, олардан мәліметтер кызметкерлердің планшеттеріне түседі, бұл нақты уакыт режимінде жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлерімен, техникалық байқаудан өтпеген, сақтандыру полиссіз пайдаланылатын, бағдарлар бойынша іздестірілетіндер, оның ішінде айыппұл бойынша берешектері бар жол козғалысы ережелерін касақана бұзушы көліктерді анықтауға мүмкіндік береді.

10 минут ішінде екіден көп бұзушылық жасаған полиция қызметкері “Қауіпті жүргізуші” туралы ақпарат түзелмейінше алдын алу шараларын қабылдай алады. Атырау қаласы аумағында “Қорғау – қауіпті жүргізуші” және “Сергек” ақпараттық жүйесінің көмегімен жыл басынан бері 4211 әкімшілік құқық бұзушылық деректері анықталған.

Атап айтқанда: жалған мемлекеттік белгі орнатып жүргізген – 2, жүргізуші құқығынан айырылған күйде көлік басқарған – 44, сақтандыру полисын жасаудан жалтарылып жүрген – 1062, мемлекеттік белгісі жоқ күйде басқарған – 150, техникалық байқаудан өтпеген – 1342 автокөлік анықталып, оралға қатысты әкімшілік хаттама жасақталды. Сонымен қатар айыппұлдарын төлемей жүрген 1611 борышкер анықталып, айыппұлдары өндіріліп, 485 автокөлік арнаулы тұраққа жеткізілді.

– Қала аумағында жол-көлік оқиғасын жасауға ықпал ететін себептері бойынша талдау жүргізіліп, құқық бұзушылықтарды анықтау мақсатында тиісінше жұмыстар ұйымдастырылып жатыр. Бұл бағытта жұмыстар патрульдік полиция батальон басшылығымен қатаң бақылауға алынып қарқынды жұмыс жүргізілуде, – деді Атырау қаласының патрульдік полиция батальонының командирі Даурен Насиполла.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру