Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Теміртауда дүкеннен ақша ұрлаған күдікті анықталды

Теміртауда дүкеннен ақша ұрлаған күдікті анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Теміртау қалалық полиция басқармасына қарасты шығыс полиция бөліміне 24 жастағы қала тұрғынынан арыз түсті. Жәбірленушінің жеке кәсіппен айналысатыны және қалада жуғыш заттарды сататын сауда орны бары белгілі болды. Күндізгі уақытта белгісіз біреу сатушының жоқтығын пайдаланып, дүкеннің құлпын бұзып, дүкен ішінен саудадан түскен 40 мың теңге ақшаны алып кеткен.

Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 34 жастағы азамат ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін берді.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабына (Ұрлық) сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру