Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Теміртауда зейнеткердің үйінен алтын бұйымдар ұрлаған күдікті қолға түсті

Теміртауда зейнеткердің үйінен алтын бұйымдар ұрлаған күдікті қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сағат 4.00 шамасында Теміртау қалалық Полиция басқармасына қарасты Шығыс полиция бөліміне Кеншілер даңғылының бойындағы көпқабатты үйлердің бірінде ұрлық болғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орынына бірден қалалық Полиция басқармасының жедел-тергеу тобы жіберілді.

59 жастағы жәбірленуші зейнеткер полиция қызметкерлеріне көршісінің үйіне қонаққа барғанын, үйіне қайтып келгенде үйдің барлығы шашылып жатқанын және белгісіз біреудің үйге кірген ізі болғанын түсіндірген. Жәбірленуші бірден өзінің құнды заттары тұратын жерді қарағанда алтын бұйымдарының ұрлағанын аңғарған. Оған келтірілген шығын көлемі 225 мың теңгені құрады.

Қылмыс болған жерге тексеріс жұмыстарын жүргізген полиция қызметкерлері күдіктінің ашық тұрған терезе арқылы кіргенін анықтады.

Патрульдік полиция қызметкерлерімен бірден аталған аумақта іздеу жұмыстары жүргізілді.

Кешенді жұмыстар барысында аудандағы көшелердің бірінен полиция көлігін көріп, қашпақшы болған азаматты байқады. Жедел әрекеттер барысында 27 жастағы азамат ұсталып, тексеріс жұмыстары үшін полиция бөліміне жеткізілді. Оған жүргізілген тінту барысында тәртіп сақшылары күдік тудырған азаматтан зейнеткердің үйінен ұрланған алтын бұйымдарды тәркіледі.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, күдіктінің осыған ұқсас басқада қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру