Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматылық әйел азық-түлік дүкендеріне ұрлыққа түскен

Алматылық әйел азық-түлік дүкендеріне ұрлыққа түскен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Медеу ауданының полицейлері бірқатар ұрлық жасады деген күдікпен 34 жастағы Т.есімді азаматшаны ұстады.

– Тергеу барысында күдіктінің заңсыз баю мақсатында үйлердің ауласында орналасқан шағын дүкендерге кіріп жүргендігі анықталды. Сатушылар келушілерге қызмет көрсетумен қолы босамай жатқанда, оның әрекетіне ешкім қарап тұрмаған кезде, ол жәбірленушілердің мүлкін: ұялы телефондар, әмиян немесе басқа да құндылығы бар заттарды ұрлап кеткен. Қазіргі уақытта ұсталған азаматшаның 5 бөтеннің мүлкін ұрлауға қатысы бар екендігі анықталды. Қазір оның жеке басы бұрын жасалған осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғына тексерілуде. Бұл деректер бір өндіріске біріктіріліп, қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы (Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін бірнеше рет жасырын жымқыру) бойынша тергелуде, – деді Медеу аудандық Полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев.

Полиция қызметкерлері қала тұрғындарына жүгінеді. Осы адамның қылмыстық әрекетінен зардап шеккендерді, тәртіп сақшылары мына телефон нөмірлері арқылы хабарласуды сұрайды: 254-48-02; 254-48-10; 8-702-476-6660.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру