Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Теміртауда жүргізушіден кастет тәркіленді

Теміртауда жүргізушіден кастет тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Апта сайын, жұма күні кештен дүйсенбі күні таңертеңге дейін Қарағанды облысының полицейлері алкогольдік немесе есірткілік мас күйінде жүруді ұнататындарды анықтау бойынша мақсатты жұмыстар жүргізуде. Өткізілген іс-шараларға қарамастан, “ішімдіктің иісі бар” жүргізушілер үйге өзінің “төрт дөңгелекті арбасымен” қайтуға ұмтылады, оларды тіпті әкімшілік қамауға алу, жүргізу құқығынан айыру да тоқтатар емес.

Мәселен, 27 мамыр жұма күні кешке сағат 22:15-те металлургтер қаласының 42 жастағы тұрғыны ішімдік ішкен күйде рөлге отырды. “Алкоголь буымен” жүрген ер адамды 2018 жылы көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны тоқтатқан жоқ. Ұстаған патрульдер осы фактіге куә болды.

Теміртаулық тұрғынға қатысты ҚР ҚК-нің 346-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Көлік құралын басқару құқығынан айырылған жүргізуші бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

29 мамыр күні сағат 01:30-да тәртіп сақшылары мас болуы мүмкін деген күдікпен Mazda автокөлігін тоқтатты. Рөлдегі жас жігіт сау болды. Полицейлермен әңгімелесу барысында 26 жастағы жүргізушіде қалта бөлігінде бір зат жылтырап көрінді. Патрульдер затты көрсетуді сұрады. Жылтыраған зат қол өндірісінен жасалған кастет болып шықты.

Алынған зат сараптамаға жіберілді. Жүргізушіге қатысты ҚР ҚК-нің 287-бабы және 288-бабы бойынша тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру