Теміртаулық полицейлер жәбірленушінің ұялы телефонын тартып алған азаматты ұстады
Теміртаулық полицейлер жәбірленушіні ұрып-соғып, ұялы телефонын тартып алған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
7 қыркүйек күні теміртаулық полицейлерге 59 жастағы қала тұрғыны хабарласып, түнгі сағат 02.00 шамасында жұмыстан үйіне қайтып келе жатқанда белгісіз біреудің ұрып-соғып, ұялы телефонын тартып әкеткені туралы шағымданған.
Келтірілген шығын көлемі 80 мың теңгені құрады.
Жәбірленуші полицияға тек күдіктінің жас жігіт екенін ғана айтқан.
Өткізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 18 жастағы азаматты ұстап, одан жәбірленушінің ұялы телефоны тәркіленді.
Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 191-бабына (Тонау) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.