Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Теміртаулық полицейлер жәбірленушінің ұялы телефонын тартып алған азаматты ұстады

Теміртаулық полицейлер жәбірленушіні ұрып-соғып,  ұялы телефонын тартып алған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

7 қыркүйек күні теміртаулық полицейлерге  59 жастағы қала тұрғыны хабарласып, түнгі сағат 02.00 шамасында жұмыстан үйіне қайтып келе жатқанда белгісіз біреудің ұрып-соғып, ұялы телефонын тартып әкеткені туралы шағымданған.

Келтірілген шығын көлемі 80 мың теңгені құрады.

Жәбірленуші полицияға тек күдіктінің жас жігіт екенін ғана айтқан.

Өткізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 18 жастағы азаматты ұстап, одан жәбірленушінің ұялы телефоны тәркіленді.

Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 191-бабына (Тонау)  сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру