Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Терезені қасақана сындырған тұрғынға қатысты іс сотқа жолданды

Түркістан облысының полицейлері әлеуметтік желіде таралған бұзақылық ісі бойынша құқықбұзушыны анықтап, құжаттарды сотқа жолдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әлеуметтік желіде Түркістан облысы полицейлерінің “заңсыздық” тақырыбында бейнежазбасы кеңінен таралған болатын.

Осы бойынша нақтырақ айтсақ, 23 тамыз күні Түркістан қалалық ПБ-не жеке кәсіпкер белгісіз біреу оның жалға алған ғимаратының терезесіне бірнеше дана арматура қалдықтарын (бөлшектерін) лақтырып, қашып кеткені туралы арызданған. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 80 мың теңгені құрады.

Аталған арыз ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша тіркелді. Әкімшілік іс жүргізіліп, хаттама толтырылды. Полицейлер бірден құқықбұзушыны іздестіруге кірісті. Осылайша тәртіп сақшылары екі апта көлемінде жүргізген іздестіру жұмыстары аясында бұзақылық жасаған адамды тауып ұстады. Ол Түркістан қаласының тұрғыны болып шықты. Қазіргі таңда жинақталған құжаттар сотқа жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру