Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сотталған балық шаруашылығын дамытып отыр

Ақтөбелік есепте тұрған сотталған пробация инспекторының көмегімен қайтарымсыз грант ұтып, балық шаруашылығын дамытып отыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Балық шаруашылығы бойынша кәсіп ашуды армандаған есепте тұрған сотталған Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Ақтөбе қаласының Алматы аудандық пробация қызметі инспекторларының қолдауымен 505 мың теңге қайтарымсыз грант ұтып, мұратына қол жеткізді.

Жеке кәсібіне қол жеткізу үшін Ақтөбе қаласының Алматы аудандық пробация қызметі есепте тұрған Ескендірді “Атамекен” ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы жанындағы “Бастау Бизнес” жобасы бойынша “кәсіпкерлік негіздері” курсына оқытады. Шәкіртақы алумен қатар, оқу курсы кезінде тәжірибе жинақтаған сотталған, өзінің бизнес-жобасын сәтті қорғап, нәтижесінде 505 мың теңге көлемінде қайтарымсыз грант ұтады. Нәтижесінде сотталған азамат қайтарымсыз қаржыға балық сақтайтын екі мұздатқыш және бір тоңазытқыш сатып алады.

Негізгі мамандығы құрылысшы болса да, есепте тұрған Ескендір балық аулауды, балық шаруашылығымен айналысуды көптен бері армандағанын айтады. Пробация инспекторларының қолдауымен осындай керемет мүмкіндікке ие болған ол, ойындағы кәсібін дамыту үшін Ақтөбе облысындағы Алға қаласына отбасымен бірге қоныс аударады.

– Балықты Атырау, Астрахань қалаларынан күтіп алып, Мұғалжар және Алға ауданының дүкендеріне көтерме бағамен сатамын. Қазіргі уақытта бұл кәсіпте маған келіншегім көмектесіп жүр. Әрине, карантин жағдайына байланысты, дәл қазір нақты орнымыз жоқ, дегенмен қайтарымсыз несиеге сатып алған мұздатқыштарға балықты сақтап, тапсырыс орындарына уақытында жеткізіп отырамын.
Осы орайда, менің кәсіпкер атануыма қолдау көрсетіп, бірден-бір себепші болған Ақтөбе қаласының Алматы аудандық пробация қызметінің сол кездегі бастығы Жанна Досимоваға және “Атамекен” кәсіпкерлік палатасына жолдаған аталған пробация қызметінің инспекторына алғыс айтқым келеді, – дейді есепте тұрған сотталған Ескендір.

Түзелу жолында келе жатқан есепте тұрған азаматтың мінез-құлқына Пробация қызметінің инспекторы да оң бағасын берді.

– Есепте тұрған сотталған Ескендір алдағы уақытта басқа да білікті кәсіпкерлерден бизнес жолындағы бағытта кеңес алу мүмкіндігіне де ие. Жалпы, біз оның өз бизнесін дамыту арқылы пробация қызметінің сенімін ақтап, қоғамға тез бейімделіп кететініне сенеміз, – дейді Ақтөбе қаласының Алматы аудандық пробация қызметінің инспектор психологы Нұргүл Аубакирова.

– Айта кету керек, Ақтөбе қаласының Алматы аудандық пробация қызметі инспекторларының қолдауымен, 2019 жылы алты есепте тұрған сотталған онлайн-тестілеуден өтіп, оқу курсын сәтті аяқтап, сертификаттар алған, – деп хабарлады Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз хатшысы Гүлфайруз Төремұратова.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру