Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тергеу амалдарын жүргізу кезінде полицейлерге қарсылық көрсеткен елордалық ұсталды

Көкшетауда тергеу амалдарын жүргізу кезінде полицейлерге қарсылық көрсеткен елордалық ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға 1 шілдеде Көкшетау қаласында болды. Елордаға есірткі құралдарын жеткізу арналарының жолын кесу және жою мақсатында бөлімше қызметкерлері есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл кезінде облыс орталығындағы қонақ үйлердің бірінде есірткіні сақтау мен тасымалдауға күдікті Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны анықталды.

Тінту іс-шараларын жүргізу кезінде 42 жастағы елордалық тұрғын жедел уәкілдердің біріне физикалық қарсылық көрсетті, ал кейін медициналық куәландыруға жеткізу кезінде екінші полиция қызметкеріне қол жұмсады.

Полиция қызметкерлері қызметтік міндеттерін орындау кезінде оларға қарсылық көрсету және оларға қатысты күш қолдану фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 380-бабының 1-бөлігі (Билік өкіліне қатысты күш қолдану) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Бұдан басқа, жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижелері бойынша ер адамнан өсімдік тектес затты 4 түйір табылып, тәркіленді. Тәркіленген заттар тиісті сараптамаға жіберілді. Аталған факті бойынша полицейлер ҚР ҚК 296-бабы 2-бөлігі (Есірткі заттарын заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Айыпталушы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру