TikTok әлеуметтік желісінде тараған «зорлау күні» – фейк
TikTok және басқа да әлеуметтік желілерде 24 сәуір Халықаралық зорлық-зомбылық күні болып танылатыны туралы ақпарат таралып жатыр. Желі қолданушыларының сөзінше, бұл күні ер адамдар әйелдерге зорлық көрсете алады.
ІІМ ағылшын тіліндегі посттан тараған бұл хабарламаның жалған екенін атап өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазіргі уақытта «24 сәуір» туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының аумағында таратқан TikTok желісінің екі қолданушысы анықталды. Олармен профилактикалық әңгіме жүргізілді.
Полиция ҚР ҚК-нің 274-бабы (Көрінеу жалған ақпарат тарату) бойынша жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік барын ескертеді. Баптың санкциясымен 5 мың АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 5 жылға дейін бас бостандығын шектеу не болмаса бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылады.