Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Төлебиде ұн шығаратын цехқа бірнеше рет ұрлыққа түскен төртеу ұсталды

Түркістан облысының полицейлері ұн шығаратын цехқа бірнеше рет ұрлыққа түскен төртеуді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Төлеби АПБ-на ұн шығаратын цехта күзетшілердің басшысы болып жұмыс жасайтын жергілікті тұрғын арызданған. Оның айтуынша, осы цехқа тиесілі апараттардың моторын белгісіз азамат жасырын ұрлап кеткенін көрсеткен.

Келтірілген жалпы шығын көлемі шамамен бір миллион теңгеге жуық. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша СДТБТ-ға тіркеп, қылмыстық істі ашу мақсатында тиісті шараларды бірден бастап кетті.

Ұрыларды ұстау мақсатында, полиция басқармасында тәжірибелі қызметкерлерден жедел-тергеу тобы құрылды. Көрген-білгендерден сұрастырып, жақын аймақтар мұқият тексерілді. Нәтижесінде ұрлық үстінен төрт күдіктіні анықтап, ұстады. Олардың бірі Шымкент қаласының тұрғыны, бірі Төлеби ауданының тұрғыны, қалған екеуі Ленгер қаласының тұрғындары болып шықты. Олардың бірі бұрын сотты болған. Қазіргі таңда осы жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілердің бас шаралары қолхатта.

Тергеу барысында анықталғандай, күдіктілер алдын ала өзара келісіп, бұдан бұрын да екі рет осы цехқа ұрлыққа түсіп, үш моторды ұрлағандары анықталды. Қолды еткен заттарын бөлшектеп сатып, ақшасын бөлісіп алған. Содан соң оны бас пайдасының қажеттіліктеріне жұмсаған.

Өз кезегінде тәртіп сақшылары Түркістан облысының тұрғындарына қырағы болып, мүліктерін қараусыз қалдырмауға кеңес береді. Ұрлықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада “102” нөмірі арқылы полицейлерге хабар беріңіздер.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру