Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тонауға ұмтылған азаматты қолға түсірген талдықорғандық тұрғынға полицейлер алғыс білдірді

Халықаралық балаларды қорғау күнінде Талдықорған полициясының бастығы Марат Күштібаев жас баланы тонауға ұмтылған ұрыны ұстаған 40 жастағы жергілікті тұрғынға құрмет грамотасын табыс етті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Естеріңізге сала кетейік, бұл дерек мамыр айының ортасында Үйтас саяжайының аумағында болған. Масаң күйдегі азамат ата-анасы көлікте аз уақытқа қалдырған 5 жасар қыздың қолындағы телефонды байқап, оны тартып алып, жасырынуға тырысқан. Баланың айқайын қыздың әкесі Оралхан Бақытжол ести сала, ұрыны қуып жетіп, оны сол жерге келген полицейлердің қолына тапсырған.

Полицейлер тонаушыны ұстауға көмектескені үшін қала тұрғынына алғыс білдірді. Тонауға ұмтылған бұдан бұрын зорлау дерегі бойынша сотталғаны анықталды.

Құрмет грамотасына ие болған Оралхан тек өзінің әкелік және азаматтық борышын өтегенін айтты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру