Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Халықаралық балаларды қорғау күнінде Петропавлда “Динамо – балаларға” акциясы өтті

Халықаралық балаларды қорғау күнінде СҚО полицейлері мен “Динамо” дене шынықтыру-спорт қоғамының облыстық филиалының өкілдері ерекше балалар мен тәуекел тобындағы балаларға спорттық іс-шара ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстікқазақстандықтардың төрт командасы үшін эстафета, дартс бойынша жарыстар, жұмбақ ойындары және басқа да конкурстар ұйымдастырылды. Іс-шараға асфальтта ашық ойындар мен сурет байқауын өткізген мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері қосылды. Ювеналды полиция қызметкерлері профилактикалық әңгіме жүргізіп, балаларға нашақорлықтың зияны туралы буклеттер таратты. Конкурстарға қатысқаны үшін тәттілер мен естелік сыйлықтардан басқа, төрт команданың әрқайсысы үшін 10 спорттық жиынтықтан сыйлық ретінде дайындалды.

– Биылғы жылы “Динамо – балаларға” дәстүрлі акциясы әртүрлі себептермен әлеуметтік бейімделуде қиындықтарға тап болған балаларға арналды. Біздің ортақ міндетіміз – оларды қолдау, салынған күш-жігердің ақталатынын және әрбір адам өмірден лайықты орын таба алатынын көрсету болды, – дейді “Динамо” дене шынықтыру-спорт қоғамы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Тұғынбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру