Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай полицейлері балалардың жол қозғалысы ережелерін қаншалықты білетінін ойын түрінде тексерді

Балаларды қорғау күнін мерекелеу аясында қоғамдық қауіпсіздік жөніндегі ведомствоаралық топ пен учаскелік инспекторлар облыстық әкімдік алаңында балаларға арналған ерекше емтихан ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицейлер жол қозғалысы ережелері тақырыбында сұрақтар қойды. Дұрыс жауаптар үшін қатысушылар сыйлықтар алды. Олар алуан түрлі болды. Атап айтсақ, ойыншықтар, шарлар мен спорттық жабдықтар.

Қостанай облысы әкімдігінің қоғамдық қауіпсіздік жөніндегі dедомствоаралық тобының менеджері Армат Қыдырниязов іс-шараны осы форматта өткізудің қалыптасқан тәжірибесі үшін мақтанышын білдірді.

– Бұл іс-шара біздің қаламызда жыл сайынғы жағымды дәстүрге айналғанын. Оның мейірімді және позитивті сипатын растайтынын атап өту маңызды, – деді Армат Қыдырниязов

Полиция викторинаның әрбір жас қатысушысына жол қозғалысы қауіпсіздігі саласындағы тамаша білімі үшін алғыс білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру