Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көкпар үшін жауапқа тартылды

Елдегі төтенше жағдай кезінде көкпар ұйымдастырған Алматы облысының тұрғыны жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бір топ азаматтың облыстағы елді-мекендердің бірінде жаяу жүргіншілер мен көлік жүргізушілерге қауіп төндіріп, көшеде көкпар тартқан бейнежазбаны полицейлер ғаламтордан тапқан еді. 

Ол жазбаның 23 наурыз күні кешкі сағат 5-тер шамасында Шамалған ауылының Жібек жолы көшесінде түсірілгені белгілі болды.

“Ұлттық ойынның ұйымдастырушысын анықтадық. Ол 27 жастағы жергілікті тұрғын. Азаматтың сөзіне қарап, оның елдегі төтенше жағдайдың маңыздылығын сезінбегенін түсіндік. Ол көкпарды Наурыз мерекесінің құрметіне ұйымдастырған. Көкпар – адам жинайтын шара екені белгілі. Төтенше жағдай кезінде ол – тәртіпке бағынбағандық боп саналады. Екіншіден, ұлттық ойын жолдың бойында ұйымдастырылған. Яғни, бұл жерде заңнама талаптары да бұзылып отыр”, – деді Қарасай АПБ басшысы Асхат Данияр.

Аталған оқиға бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабына сәйкес, яғни “Төтенше жағдай тәртібін бұзу” дерегі бойынша әкімшілік өндіріс қозғалып, нақты процессуалдық шешім қабылдау үшін материал ауданаралық сотқа жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру