Цифрландыру және ашық диалог: Ақсу полициясына нейрожелілер қалай көмектесуде
Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы Василий Скляр Ақсу өңіріндегі аумақтық бөлімшенің қызметімен танысты, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Сапар барысында департамент басшысы қалалық полиция бөлімінің жеке құрамымен кездесіп, жедел-қызметтік қызметтің қазіргі жай-күйі туралы баяндамаларды тыңдап, атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесімен танысты.
Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, сондай-ақ жол қозғалысы қауіпсіздігі саласындағы заңнама талаптарының сақталуы мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша қызмет тиімділігін арттыруға, қызметтік тәртіпті нығайтуға және халықпен өзара іс-қимылды күшейтуге бағытталған нақты тапсырма берілді.
Интернет-алаяқтықтың алдын алу, есірткі қылмыстарының жолын кесу және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мәселелері де ерекше бақылауда. Кездесу ашық диалог форматында өтті.

Сапар аясында Василий Скляр қалалық жедел басқару орталығының жұмысымен, өңірлік полицияны цифрландыру барысымен және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде енгізіліп жатқан технологиялардың тиімділігімен танысты.
– Соңғы жылдары ведомство құқық бұзушылықтардың алдын алуға және жедел-қызметтік қызметтің тиімділігін арттыруға бағытталған заманауи цифрлық шешімдерді кезең-кезеңімен енгізіп келеді. Ақсу қаласындағы жедел басқару орталығы 2025 жылғы 1 қазанда іске қосылды. Қазіргі таңда 87 бейнебақылау камерасы орнатылған. Жыл басынан бері олардың көмегімен 1132 құқық бұзушылықтың жолы кесіліп, 3 қылмыс ашылды. Орталық камералары – көшелерді қауіпсіз ететін нақты құрал, – деді Павлодар облысы Ақсу қаласы полиция бөлімінің бастығы Айдар Сламбеков.
Ведомствода барлық қызметтік кабинеттің ІІМ-нің бірыңғай платформасына қосылған бейнебақылау жүйесімен жабдықталғаны атап өтілді. Бұл қызметтің ашықтығын арттырып, бақылауды күшейтеді. Қоғамдық орындарда кез келген оқиғаға жедел әрекет етуге мүмкіндік беретін 3 “SOS” батырмасы орнатылған. Азаматтарға қолайлы болу үшін өтініштерді қабылдаудың омниканалды жүйесі дамуда.
Жол қауіпсіздігіне де айрықша назар аударылуда: өңірде жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтарды тіркейтін мобильді кешендер жұмыс істейді.
Сапар қорытындысы бойынша Василий Скляр қала тұрғындарының қауіпсіздігін одан әрі арттыруға бағытталған IT-құралдарды енгізу жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.
