«Түнгі қаладағы балалар»: Ақмола полициясына бір күнде 7 жасөспірім жеткізілді
Ақмола полициясына бір күнде жеті жасөспірім жеткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жасөспірімдер қылмысының алдын алу, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде және тұрғынжайдан тыс жерде болу фактілерінің жолын кесу, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға 27-29 маусым аралығында Ақмола облысының аумағында «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.
Іс-шараның бірінші күні полиция органдарына әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін жеті жасөспірім жеткізілді: төртеуі ұсақ бұзақылық жасағаны үшін, үшеуі алкогольдік ішімдіктер ішкені үшін.
Сонымен қатар, екі кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, олардың бірі алкоголь өнімдерін заңсыз сатқаны үшін, екіншісі кәмелетке толмағандарға темекі өнімдерін сатқаны үшін.
59 заңды өкіл әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 8 ата-ана балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта тұрғын үйден тыс жерде болғаны үшін – 51.