Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолалық полицейлер есірткіге қарсы ауқымды акция өткізді

Ақмолалық полицейлер есірткіге қарсы ауқымды акция өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

25 маусымда Тәуелсіздік алаңында “Мен өмірді таңдаймын!” есірткіге қарсы кең ауқымды акция өткізілді.

Акцияның ресми ашылуына дейін облыс орталығының алаңында отбасылық старттар мен аула ойындары ұйымдастырылды. Жауын-шашынға қарамастан, іс-шараның жас қатысушылары “Думан” педагогикалық жасағының еріктілері ұйымдастырған флешмобты белсенді қолдады.

Іс-шараның ресми бөлігін Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Азамат Ысқақов пен Ақмола облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Мейрам Жапбасов ашты.

Сондай-ақ, іс-шараны облыстық мәслихат депутаты Омар Шоназаров қолдады.

Өткізілген конкурстардың жеңімпаздарын марапаттағаннан кейін, көрермендер алдында арнайы жедел әрекет ету жасағы өнер көрсетті. Облыстық ПД Кинологиялық орталығы қызметкерлерінің қызметтік-іздестіру итімен жүгіруі, иттердің есірткі заттарын табуы, сондай-ақ қылмыскерлерді ұстау бойынша керемет қабілеттерінің көрсетілімдері қызықты болды.


Кекушинкай Каратэ Бүкілқазақстандық ұйымының және Ушу спорттық федерациясының көрсетілімдері жағымды эмоциялар тудырды.

“Сенім” пациенттері мен “Зерделі ұрпақ” ҚҚ еріктілері дайындаған тақырыптық театрлық қойылымдар да қызықты өтті.

Іс-шара “Open air” концерттік бағдарламасымен аяқталды, оның барысында “Есірткісіз болашақ” корпоративтік қорының еріктілері акция қатысушыларына есірткіге қарсы логотипі бар сағыз және чупа-чупс түріндегі тәттілерді, сондай-ақ минералды су мен балмұздақ таратты.

Сонымен қатар, ҚР ІІМ министрі Марат Ахметжановтың құқықтарымен нашақорлықтың алдын алу және күреске қосқан үлесі үшін ҮЕҰ өкілдері мен қоғам белсенділері ынталандырылды. Алғыс хаттарды Ақмола облысы ПД бастығы Думан Таев табыстады.

Акция аясында бір ай бойы түрлі форматтағы 70-тен астам іс-шара жүзеге асырылды.

Іс-шара Ішкі істер органдарының, Ақмола облысы әкімдігінің, Ақмола облысы Жастар ресурстық орталығының, Көкшетау қаласы әкімдігінің, Көкшетау қаласы Жастар ресурстық орталығының, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының, “Зерделі ұрпақ” және “Құқық” қоғамдық қорларының, “Сенім” оңалту орталығының бірлескен күшімен өткізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру