«Түнгі қаладағы балалар»: ШҚО-да алкогольдік мас күйінде 10 жасөспірім ұсталды
ШҚО-да алкогольдік мас күйінде 10 жасөспірім ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
27-29 маусым аралығында ШҚО ПД облыс аумағында «Түнгі қаладағы балалар» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді.
Ювеналды полиция инспекторлары аулаларда, саябақтарда және жастар көп жиналатын орындарда, сондай-ақ ойын-сауық мекемелерінде екі мыңнан астам рейдтік іс-шаралар өткізді.
Үш күн ішінде тәртіп сақшылары 447 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, оның ішінде 398-і сағат 23:00-ден 06:00-ге дейін заңды өкілдеріңсіз үйден тыс жерде болу фактісін анықтады.
Мысалы, 28 маусымда ШҚО ПД ППБ қызметінің 449 экипажының инспекторлары Өскемен-Самар автожолының бағыты бойынша 75 км-ден 150 км-ге маршрутты патрульдеу кезінде сағат 23.00-ден кейін заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде болған кәмелетке толмаған жасөспірімдерді ұстады. Полиция қызметкерлері жеткіншектерді Самар ПБ жеткізді, онда кәмелетке толмағандардың заңды өкілдеріне ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды .
– Жедел алдын алу іс-шарасын жүргізу балалардың тұрғын үйден тыс уақытта болуы үшін кәмелетке толмағандардың 29 заңды өкілі жауапкершілікке тартылды. Бұдан басқа, 21 жасқа толмаған тұлғаларға алкоголь және темекі өнімдерін сатқаны үшін 10 кәсіпкер жауапкершілікке тартылды. Қоғамдық орындарда ішімдік ішкені үшін 10 жасөспірім ұсталды, 5 кәмелетке толмаған бала ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 435-бабы бойынша бұзақылық жасады. Кәмелетке толмағандардың ойын-сауық мекемелерінде болуына жол бергені үшін 5 кәсіп иесіне қатысты хаттамалар толтырылды, – деп атап өтті ШҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Елдос Закимов.